Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Каспий жағалауынан өлі балықтар табылды

8 Шілде 2025, 08:33
705
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Каспий теңізінің Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко маңындағы жағалауынан өлі балықтар табылды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырып, мәселе экология мамандарының назарын аудартты, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті 7 шілдеде су сапасын тексеру мақсатында балық шаруашылығы басқармасымен бірлесіп оқиға орнына мамандар жібергенін мәлімдеді.

Балықтардың жаппай қырылу себебін анықтау үшін теңіз суынан сынамалар алынып, зертханалық талдау басталды, – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта балық өлімінің нақты себебі белгісіз. Мамандар зерттеу нәтижелері шыққаннан кейін қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Өзгелердің жаңалығы