Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Іздеу операциясына тоғыз құтқарушы, екі техника, екі қайық, «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 тікұшағы, «Орал» кемесімен қоса ҚР Қорғаныс министрлігінің 29011 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен волонтерлар жұмылдырылған.
«Лада» басылымы атап өткендей, түстен кейін Маңғыстау облыстық ТЖД бастығы подполковник Мұрат Мұханов жоғалған адамдарды іздестіру үшін Түпқараған ауданына тікұшақпен ұшып шықты.
30 сәуірде екі балықшы (1994 жылы туған Қазақстан азаматы мен 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы) теңізге қайықпен шығып, кері оралмаған.
Құтқарушылар 1 мамырда Ақшұқыр ауылының маңындағы Каспий теңізінің жағалауынан бастап балықшыларды іздеуге кірісті.