Каспий теңізінде жер сілкінді

20 Шілде 2022, 12:54
3622
Бөлісу:
Каспий теңізінде жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий теңізінде магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. 

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы сейсмологиялық қызмет республикалық орталығы мәлім етті. Жер асты дүмпулері 45 шақырым тереңдікте 19 шілде күні тіркелген. 

Жер сілкінісі Ақтау қаласынан шамамен 329 шақырым жерде болған. Эпицентрдің координаттары - 40°42'36 солтүстік ендікте, 51°38'24 шығыс бойлықта.

Өзгелердің жаңалығы