Каспий құбыр консорциумына келтірілген зақымданудан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда жаңа қондырғыларды тезірек жеткізу жоспарланған. Бұл туралы брифингте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске салсақ, 29 қараша күні ұшқышсыз катерлердің шабуылы салдарынан терминалдағы айлақ құрылғысы зақымданған еді.
Қазіргі кезде сүңгуірлер осы жылжымалы сыртқы айлақ құрылғысының (ВПУ) қалқымалылығын қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстарды атқарып жатыр. Алдағы уақытта ВПУ-ның ішіне кіріп, технологиялық жабдықтардың зақымдану деңгейін бағалау қажет болады.
Егер жөндеу жұмыстарын толық жүргізу мүмкін болса, ВПУ-2 де қайтадан пайдалануға беріледі. Қалпына келтіру шараларымен қатар, министрлік пен ұлттық мұнай-газ компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген екі жаңа құрылғыны жеткізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, – деді министр брифинг барысында.
Бұған дейін Ерлан Ақкенженов Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданатынын атап өткен болатын.