Kaspi - депозиттер өсімі бойынша көшбасшы

8 Маусым 2022, 15:46
1870
Бөлісу:
Kaspi - депозиттер өсімі бойынша көшбасшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айында қазақстандықтардың Kaspi-дегі жинақ ақшасы 120,1 млрд теңгеге көбейген. Kaspi-дегі депозиттердің жалпы мөлшері 2,6 трлн теңге.

Біз Kaspi.kz-тің барлық сервисін тиімді ғана емес, сондай-ақ ыңғайлы етуге тырысамыз. Kaspi депозит – Қазақстандағы ең танымал депозит, оны санаулы ғана секундта тура Kaspi.kz мобильді қосымшасында ашуға болады. Салымның ең аз сомасы – бар-жоғы 1000 теңге. Сыйақыны жоғалтпай кез келген уақытта ақша салуға және ақша алуға болады. Біз миллиондаған қазақстандықтың балаларға білім беру, тұрғын үй жағдайын жақсарту, саяхаттау және өмірдегі басқа да маңызды мақсаттар үшін жинақ ақшасын сақтап, көбейтуіне атсалысқанымызды мақтан тұтамыз. Сенім артқаны үшін әрбір сүйікті клиентімізге мың алғыс, - деді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

Өзгелердің жаңалығы