Бұл сұраққа Сенат кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілдері Ғалымжан Қойгелдиевке кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың ісі тоқтатылды деген ақпарат қызу талқыланып жатыр. Бұл бағытты қадағалаушы орган ретінде Бас прокуратура өкілдері нақты қандай шаралар қабылдап жатыр? Істі тоқтатудың заңдылығы қандай? деп сұрақ қойды.
Мен мағлұматты өзіңіз сияқты кеше ғана Тelegram каналдан оқыдым. Бірақ ол іске қатысты менде мағлұмат жоқ. Қажет болса баспасөз өкілі бар. Сол кісіге сұрағыңызды жолдаңыз. Жауап береді, - деді ол.
Еске салсақ, Танымал боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінген болатын. Кейін Жаңқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты мәлімдеме жасаған еді. Кейін кәсіпқой боксшы алдағы жекпе-жегінің өтпейтінін айтқан еді.