Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан бойынша 2 жылда 10 997 орынға шақталған 38 жаңа ғимарат салынды, 8909 орындық 35 ғимаратқа реконструкция жасалып, пайдалануға берілді.
Бұл туралы БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин мәлімдеді.
Маманның айтуынша, елімізде студенттерге жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 3 жылдан бері мемлекет тапсырысымен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатыр. Бір студентке тұрғын алаңы кем дегенде 6 шаршы метр орын болатын заманауи жатақханалар әр өңірде салынуда. Ал жатақхана салынған соң алғашқы 12 айда төлем екі есе коэффициентпен төленеді. Мысалы, 500 орынға шақталған ғимарат салып, алғашқы уақытта адам саны 200 болса, бірінші жылы 400 орын үшін мемлекеттен төленеді.
Бағдарлама 2018 жылы мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында басталды. Cол уақыттан бері 2020 жылдың соңына дейін елімізде 20 266 орынға 74 жатақхана салынды. 2025 жылға дейін елімізде кем дегенде 75 мың жатақхана пайдалануға берілуі қажет. Нұр Отан партиясының алдын ала бағдарламасына сәйкес, биылдан бастап 2025 жылға дейін кем дегенде 50 мың жатақхана салынуы керек. Яғни қазіргі таңда екі бағдарлама қосылды. Оған тағы да кем дегенде 50 мың қосымша орын болады, - деді ол.
Кез келген заңды тұлға жобаға қатысып, әрбір орын үшін мемлекеттен қаржы алуына мүмкіндік бар. Алматы қаласында ғимарат салатындар үшін жағдай ерекше. Сондай-ақ, кішігірім қалалардың кәсіпкерлері үшін де жеңілдіктер қарастырылған. Жатақхана салынған соң алғашқы 12 айда төлем екі есе коэффициентпен төленеді. Мысалы, 500 орынға шақталған ғимарат салып, алғашқы уақытта адам саны 200 болса, бірінші жылы 400 орын үшін мемлекеттен төленеді.
Жобаның жалпы бюджеті 152,8 млрд теңге сомманы құрайды. Бюджеттік кодекске сәйкес, ешқандай мемлекеттік орган бұл қаражатты қысқарта алмайды. Бұл жобада мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тек принциптері ғана бар. Жобамыздың мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасынан ерекшелігі кез келген заңды тұлға жатақхана салатын болса, әрбір салынған орынға мемлекет тарапынан қаражат төлейміз. Ғимарат жаңадан салынатын болса 122 айлық есептік көрсеткіш, яғни ол 375 мың теңге. Егер жатақхана Алматы қаласында салынатын болса, сейсмикалық көрсеткіштеріне сәйкес 144 АЕК, 440 мың теңге төленеді. Жоба тарапынан мемлекеттік тапсырыс бойынша 8 жыл төленеді. 500 орынға шақталған жатақхана салынса, жоба аясында 8 жылдың ішінде шамамен 1,7 млрд теңге қаражат төленеді. Облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалаларда ғимаратты кем дегенде 100 орынға салу керек. Ал Жезқазған, Арқалық сынды кішігірім қалаларда кем дегенде 50 орынға шақталған болуы керек. Максималды орын саны бойынша шектеу жоқ. Өйткені, мысалға алатын болсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 10 мыңнан аса студентке жатақхана жетіспейді, - деп түсіндірді Алпамыс Сатыбалдин.
Оның айтуынша, жатақхананы кез келген кәсіпкер конкурссыз салуына болады. Сондай-ақ жатақхана салынған соң алғашқы 12 айда төлем екі есе коэффициентпен беріледі. Мысалы, 500 орынға шақталған ғимарат салып, алғашқы уақытта адам саны 200 болса, бірінші жылы 400 орын үшін мемлекеттен төленеді.
Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу тетігі жоқ, қойылатын жалғыз шарт – қолданыстағы санитарлық және құрылыс нормаларына сәйкес объектіні іске қосу. Жалпы алғанда, тетік іске асырыла басталғалы бері 138 алдын ала шарт жасалды, оларды орындаудың нәтижесінде жатақханалар қоры 44 мыңнан астам орын-жайға ұлғайтылмақ. Биыл кем дегенде 10 мың орын енгізуді жоспарлап отырмыз. Оның алты жарым мыңы пайдалануға берілді. Көптеген кәсіпкер жыл соңында енгізуді жоспарлады, - дейді ол.
Биыл үлкен қалаларда пәтер құны өсуіне байланысты, реконструкциядан кейін пайдалануға берілетін жатақханаларға жеңілдіктер қарастырылған.
Еліміз бойынша бұл мәселені шешу үшін ғимаратты салмай-ақ, жаңартуға мүмкіндік бар. Мысалы, қонақ үйді жатақхана ретінде пайдалануға беретін болсаңыз, әрбір орынға 47 АЕК мөлшеріндеғ яғни 140 мың теңге төленеді. 500 орынға 8 жылдың ішінде 600 млн-нан астам қаражат төленеді. Биыл Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында пәтер құны күрт өсіп, жалға беру қымбаттағандықтан, екі қала үшін реконструкция нормативін көтеріп, 92 АЕК көрсеткіш, 282 мың теңгеге дейін жеткіздік, - деді департамент басшысы.
Осы уақытқа дейін елімізде 20 мыңнан астам орын пайдалануға берілген. Алайда студенттер саны басым Алматыда 30 мың студентке жатақхана жетіспейді. Маманның мәліметінше, бұл жоба аясында салынған ең үлкен жатақхана 512 орынға шақталған.
Биыл Алматы қаласында жатақхана саны көбейді. Алматыдағы Медициналық университет 512 орынға жатақхана салды. Осы жоба бойынша салынған ең үлкен ғимарат болып есептеледі. Алайда қазіргі таңда әлі де 30 мың орынға жатақхана қажет. Шымкентте тапшылық толығымен жойылды. Қызылорда облысында, Ақтөбе облысынжда, Маңғыстау облыстарында жатақхана тапшылығы мәселесі шешілді деп айтуға болады. Бағдарлама басталғанда Алматы қаласында 27 мың студентке жатақхана жетіспеді, Нұр-Сұлтан қаласында 17 мың студентке, Шымкент қаласында 8 мың студентке орын болмады. Бағдарлама басталар кезде жалпы еліміз бойынша 82 мың адамға жатақхана жетіспеушілігі мәселесі болды. Осы уақытқа дейін 20 266 орынға жатақхана пайдалануға берілді, - деп атап өтті ол.
Пандемия кезінде студенттер қашықтан оқығанына қарамастан жатақханаларға әр орынға мемлекет тарапынан ай сайынғы төлем жүргізілген. 2020 жылдың қаңтар айынан 2021 жылдың тамыз айына дейін барлық кәсіпкер толықтай қаржысын алды. Жазғы каникул кезінде де кәсіпкерлерге қаражат төленеді, егер мамыр айында жатақханада 500 студент болса, сол орынға беріледі.
Жатақхананы жалға беретін жеке кәсіпкер төлем бағасын өзі қояды. Алматыда қазір орташа баға 15 мыңнан бастап 45 мың теңгеге дейін жетеді. Кәсіпкерде кем дегенде үш табыс көзі болады: гарантиясы бар мемлекеттік тапсырыс, студент төлейтін орын ақысы және коммерциялық орын. Ғимараттың бірінші қабатын жалға беруге, ішінен дүкен ашуға, басқа да табыс көзіне айналатын орындарды ашуға мүмкіндік бар, - дейді маман.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін жетілдіру жөніндегі шаралар тұрақты негізде қабылданатынын атап өту қажет. Осылайша, тетікке қатысу шарттары туралы толық ақпарат беретін инвесторларға арналған studdom.fincenter.kz промо-сайты құрылды, жатақхана құрылысының типтік және жеке жобаларын қамтитын ЖСҚ банкі қалыптастырылды. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс көлемін 25%-ға ұлғайта отырып, құрылыс кезінде төлем мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқарту мәселелері пысықталуда.