Кәсіпкерлер үшін Ұлттық ақпараттық порталы іске қосылды

11 Шілде 2022, 20:15
1483
Бөлісу:
Кәсіпкерлер үшін Ұлттық ақпараттық порталы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада Қазақстан саудасын жеңілдету жөніндегі Ұлттық ақпараттық порталы іске қосылды. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желіде жазды.

Tradeinfo.kz - сауда порталы экспорттаушылар мен импорттаушылар үшін барлық сауда процедураларына арналған нұсқаулық болып табылады. Біз әртүрлі тауар түрлерін импорттауға, экспорттауға және транзиттеуге қолданылатын барлық қадамдық ережелер мен рәсімдерді бір жерде жинадық (тауарлар саны біртіндеп артып отырады). Біздің міндетіміз - сыртқы сауда қатысушысының қызмет түріне қарамастан талап етілетін рәсімдер, құжаттардың түрлері туралы ақпарат, құжаттарды толтыру тәртібі және т.б. қажетті ақпаратты бір жерден алатындай мүмкіндік жасау, – деп жазды Бақыт Сұлтанов

Министрдің айтуынша, негізгі міндет трансшекаралық сауданы барынша жеңілдету және процедураларды цифрлық форматқа көшіру. Бұл барлық қатысушылар үшін ыңғайлы, бүкіл процесті айтарлықтай жылдамдатады, бәрі ашық және оңай басқарылады.

Біз басқа органдардағы әріптестерімізбен бірге кейбір қайталанатын талаптарды жою және жекелеген талаптарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сауда порталымен процесс жылдам жүретініне сенімдімін-біз порталды кәсіпкерлермен интегративті кері байланыс құралы ретінде қарастырамыз және бизнес қауымдастықтармен және уәкілетті органдармен сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша барлық идеяларды пысықтаймыз. Сайып келгенде, мақсат кедендік инфрақұрылымды жаңғырту, трансшекаралық операцияларды оңтайландыру, сауда формальдылықтарын оңайлату, үйлестіру және автоматтандыру жөніндегі кешенді шаралар болуға тиіс. Осы мәселелердің барлығын біз ҚР Үкіметі жанындағы сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі Ұлттық комитеттің қызметі шеңберінде көтеретін боламыз, – деді министр.

Сауда порталы бойынша жұмыс 2020 жылдан бері жүргізіліп келеді. 

Бізге Еуропалық Одақтың қолдауымен Халықаралық сауда орталығы жүзеге асырып жатқан "Ready4Trade - Орталық Азия" жобасы үлкен көмек көрсетті. Халықаралық және Ұлттық консультанттардың, оның ішінде "Ready4trade - Орталық Азия" жобасының бас серіктесі - біздің "QazTrade" компаниясы қызметкерлерінің екі жылдық командалық жұмысының жемісі. Мен барлық кәсіпкерлерді порталдың ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын, – деді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы