"Президент міндет жүктеді енді біз: өндірісшілер мен білім берушілер осыған терең бойлауымыз керек" — СҚО кәсіпкерлері Жұмысшы мамандықтары жылын қолдап сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент былтыр 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болатынын атап өтті. Шынымды айтсам, бұл тақырып әлдеқашан пісіп жетілген. Біз бір нәрсені түсінуіміз керек, егер біз елімізді дамытқымыз келсе, оны мектептен бастауға тиіспіз. Міне, біз үшін балаларға насихаттайтын нәрсе ол – еңбек. Қазір жұмысшы мамандардың тапшы екенінен көзіміз жетіп отыр. Жұмысшы мамандығы бізге ауадай қажет. Президент міндет жүктеді, енді біз: өндірісшілер мен білім берушілер осыған терең бойлауымыз керек. Себебі оның артында еліміздің болашағы тұр, — дейді Солтүстік Қазақстан облысындағы "Зенченко және К" коммандитті серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко.