ҚАЖК №24 мекемесі кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы №16 мектепке барып, жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандар қылмыстық атқару жүйесінде қызмет етудің жағымды жақтарымен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің пайдасы туралы айтты.
Оқушылармен сұрақ-жауап түрінде өткен кездесуде ішкі істер қызметкері болудың артықшылықтары сөз болды.
Оқушылар қылмыстық атқару жүйесінің еңбек өтілінің 1 жылы өзге қызметтердің 1,5 жылына тең екенін бұрын естімегендерін, тұрғын үйі жоқтарға үстемақы берілетінін білмегенін жеткізді.
Мұндай кездесу қаладағы жоғары оқу орындар мен колледждерде де өтіп тұрады. Алдағы уақытта аудандарда да жалғасын табады.