Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды

28 Қаңтар 2021, 13:42
1444
Бөлісу:
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

Жанат Қалдыбекұлы 1978 жылы 16 тамызда Қарағанды қаласында туған. 

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы - құқықтану (1999). 

Еңбек жолы: Қарағанды қаласы прокуратурасының Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы, Қарағанды қаласы прокуратурасының Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокуроры (2000); Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі (2000-2001); Қарағанды облысы прокуратурасының шаруашылық істері бойынша Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау тобының прокуроры (2001); Қарағанды облысы прокуратурасының азаматтық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (2001-2002); Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры (2002-2003); 

Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры (2003-2004); Астана қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы (2004-2005); Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының; Астана қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары (2004-2007); Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі (2007-2009); ҚР Әділет министрінің кеңесшісі (2009); ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары (2009-2012); ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ақпараттық-талдау департаментінің бастығы (2012); ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы (2012-2014); 

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры (2014-2017); ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаменті бастығының орынбасары – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, қоғамдық мүдделерді қорғау департаменті бастығының орынбасары – ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы (үшінші қызмет), қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары – ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы( 2017); ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы (2017-2019); Қарағанды облысы прокурорының орынбасары (2019); ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары (2019-2020). 

Соңғы қызметі - Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы ( 2020 жылдың қаңтарынан бері).


Өзгелердің жаңалығы