Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.
Ол атап өткендей, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізілді.Ішкі істер министрлігі биыл 20 сәуірден бастап өткізген жыл сайынғы «Қару» акциясы аяқталды. Акция барысында халық қару-жарақты ақылы тапсырды. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен биыл 95 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғандарға оның техникалық жай-күйіне байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің оннан жүзге дейінгі сомасында төлем көзделеді, - деді Ораз.
Нұрділдә Ораз атап өткендей, ең көп атыс қаруы Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының полиция департаменттеріне тапсырылды.Акция аясында полицияға мыңнан астам тұрғын өз еркімен 1,4 мың атыс қаруын тапсырған. Оның ішінде 1 шолақ автомат, 197 ұзын ұңғылы қару, 3 тапанша, 1,2 мың тегіс ұңғылы, 19 - травматикалық қару, бір келіден (1,15 кг.) астам жарылғыш зат, сондай-ақ шолақ ұңғылы қаруға арналған 57,5 мың оқ-дәрі қабылданды, - деді ол.
Бүгінгі күні қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған 908 азаматқа шамамен 91 миллион (90,8 млн) теңге төленді. Тарихи қызығушылық тудыратын үлгілерді қоспағанда, ерікті түрде тапсырылған атыс қаруы, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар жойылады, - деді ол.