Картоп бағасы неге арзандамай отыр? – Жұманғарин басты себебін атады

Бөлісу:
Картоп бағасы неге арзандамай отыр? – Жұманғарин басты себебін атады
Фото: BAQ.KZ архив

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин картоптың бағасы неге арзандамай отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір картоптың үш-төрт бағасы бар. Біздің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы сақтандыру қорларына 135 теңгеден беріледі. Бірақ ол аз. Біздегі қазір қалғаны 43-46 мың тонна. Ол 1,5 айға жететін шығар. Бірақ сосын көбі оны пайдаланбайды, себебі өнім тозып кетеді. Себебі картопты сақтандыру қорларына жазда салдық. Әрине, әрбір ас үй иелері сапалы картопты пайдаланғысы келеді. Біз сапалы картопты Қытайдан әкелуді бастадық. Мысалы, оның Алматыға келгендегі өзінің бағасы 220 теңге. Жеткізуі бар, кедені бар. Сол себептен ол қазір қымбаттап, 287 теңгеден сатуды бастады. Ертеңнен бастап 299 теңге болады, - дейді Жұманғарин.

Ол Қытайдан, Пәкістаннан шартқа қол қойылып, картопты әкелінетінін атап өтті.

Ешқандай тапшылық болмайды. Сіздің 450 теңге деген картоп ол таңдалған, қызыл картоп. Оны кәсіпкерлердің өзі әкелген. Әрбір адамның өзінің таңдауы бар. Керек болса 135 теңгеге алады. Сапасына қарағанда бағасы да сондай. Қажет болған жағдайда 450 теңгеден алады. Ең бірінші мәселе – тапшылықтың болмауы, - дейді Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, картопты қалай сақтасаң да, сапасын маусым айына дейін сақтай алмайсың. Өнім мамыр айына дейін шыдайды, одан кейін оны тұтынушылар алмайды.

Өзгелердің жаңалығы