Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев елдегі қазіргі жағдай туралы сөз етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жылда Үкімет оның небәрі 7-8 пайызға қымбаттағанын айтады. Ал шынтуайтында биыл бір ғана картоптың өзі 2,5 есеге өсіп, 500 теңге болды. Үкіметтің мәлімдеуінше, дәл қазір елімізде орташа жалақы – 423 мың теңгені құрайды деген мәлімдемесі ешқандай сенім ұялата алмайды, - деді депутат.
Мысалы, елімізде дәл қазір 3 миллион адам – небәрі 200 мың теңге жалақы алса, ал 1 миллион 800 мың азамат ең төменгі жалақы – 85 мың теңгеге күн көріп отыр.
Сонда 423 мың теңге жалақыны кім алады?! – дейді Бейсенбаев.