Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Жетісу ауданында кәріз және арық жүйелерінің қақпақтарын ұрлау фактілері орын алды. Түн ішінде "Құлагер" ықшамауданында 27 кәріз қақпағы жоғалып кетті, деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Бұл қылмыс алдымен әлеуметтік желілерден белгілі болды, сосын бірнеше сағаттан кейін ЖШС иесі, полицияға ресми мәлімдеме жасады. Ол қаскөйлер келтірген материалдық шығын шамамен 500 мың теңгені құрады деп айтты. Ұрлықты "ізін суытпай" ашу үшін олар жедел-тергеу тобын құрып, бейнебақылау жүйесін бақылады. Нәтижесінде үш күдікті анықталып, кейін қамауға алынды. Бұл - Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының 27-37 жас аралығындағы тұрғындары. Ұрланған затты сату орны да анықталды - бұл қаланың Алатау ауданында орналасқан металл жинау орны. Жауап алу кезінде ұсталғандар ұрланған қақпақтарды 60 мың теңгеге сатқанын және оларды өзара тең бөлгендерін түсіндірді, - деп хабарлады Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.
Айыпталушылар қамауға алынды. Қазіргі уақытта сатып алушыны анықтау және ұрланған заттарды тәркілеу бойынша шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, ұсталғандардың жеке басы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.