Өскеменде қариялар мен мүгедектерге азық-түлік тегін жеткізілуде

5 Сәуір 2020, 19:34
1872
Бөлісу:
Өскеменде қариялар мен мүгедектерге азық-түлік тегін жеткізілуде

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласында қоғамның әлсіз топтарына азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізіп беретін электронды дүкен жұмыс істей бастады.

Жасы 70-тен асқан және І, ІІ-топ мүгедектеріне карантин кезінде үйден шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар Шығыстық басты шаһарында карантинге байланысты енгізілген қосымша шектеулермен бірге аталмыш санаттағы азаматтарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен басқа да тауарларды онлайн тапсырыс беріп, жеткізіп беру қызметін іске қосты.

Біздің серіктес супермаркеттер аудандарға бөлінген. Олардың қатарында "Арзан", "Влона", "45-ші гастроном", "Самал" сияқты супермаркеттер бар. Аталған сауда нысандары Өскемен қаласының бірнеше ауданындағы тапсырысты орындай алады, - дейді "Dyken.kz" тасымалдау қызметінің директоры Бауыржан Жампеисов.

Тасымал қызметі күнделікті таңертеңгі сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін қызмет етеді. Бағасы әртүрлі азық-түлік пен басқа да тауарлардың төрт жиынтығын жасақтаған өңір билігі тапсырыс берушіге жеткізіп беруді тегін етіп жасады. Қала тұрғындары аптасына бір рет өздеріне қажетті тауар немесе азық-түлікке тапсырыс бере алады.


Өзгелердің жаңалығы