Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру туралы өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.
Қараша айының басынан бастап елдің жолдарында 406 жол-көлік апаты болды. Оның ішінде 95 адам қаза болып, 472 адам жарақат алған. Сондай-ақ, 3 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тек көліктерге қатысты болған. Осы орайда, жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеріп, көліктерін техникалық қамтамасыз етуге шақырамыз. Жазғы шиналарды қысқыға ауыстыру керек. Қысқы кезеңде жазғы шинамен жүрген жүргізушілерге 5 АЕК айыппұл салынады, - деді ол.
Түсіпов қысқы мерзімдегі ауа райының ерекшелігін де ескеру қажетін айтты.
Жаяу жүргіншілер де қысқы уақытта күн қысқа екенін ескеріп, жолдағы кептеліс көбейетінін ескеру керек, - деді ол.
Серік Түсіповтың айтуынша, «Электронды үкімет» порталында министрлік жол қауіпсіздігі бойынша көрсетілетін қызметтер санын толықтырылды.
Автосалондардан сатып алған көлікті тіркеу үшін ХКҚО-ға барудың қажеті жоқ. «Электрондық үкімет» порталынан көлікті тіркейтін қызмет пайда болды. Портал арқылы мемлекеттік номердің көшірмесіне тапсырыс беріп, кейін дайын болған соң халыққа қызмет көрсетуден алып кетуге болады, - деді Түсіпов.