Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор, медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин карантинді жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды. Ол пандемияны басқа жолмен жеңу мүмкін емес деп санайды. Бұл туралы Локшин Atameken Business телеарнасына берген сұқбатында айтты, деп жазды altaynews.kz.
Абырой болғанда, індетке шалдыққандардың 70 процентінде ауру жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Алайда біздің денсаулық саласына науқастардың 30, 20, тіпті 10 пайызының өзі ауыр салмақ салды. Карантинді ұзарту – өте дұрыс шара. Менің ойымша, оны жыл соңына дейін ұзарту қажет. Стадиондардың көбін төсек-орынмен жабдықтауға болады. Бірақ бұл проблеманың шешімі емес. Біздің осыншама дәрігеріміз, қаржылық мүмкіндігіміз жоқ... Пандемиямен тек карантиннің көмегімен күресуге болады, - деп мәлімдеді профессор.
Ол үкіметтің қазіргі жұмысына қанағаттанбайтынын жеткізді. Айтуынша, үкімет тарапынан айқын, түсінікті іс-қимыл байқалып отырған жоқ.
Ауру жұқтырғандардың өсуіне денсаулық сақтау министрлігін неге кінәлайтынын дәрігер ретінде түсінбеймін. Министрлік індеттің таралуын қалай тоқтата алады? Бұл мүлдем басқа ведомстволардың міндеті, - дейді Локшин.
Ол карантиннің мәні ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет қатаң шаралар мен қомақты айыппұлдар арқылы адамдарға маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіруі қажет, деп санайды ол.