Карантинде той ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

29 Қыркүйек 2020, 20:01
1025
Бөлісу:
Карантинде той ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында мониторинг топтарымен карантин режимін сақтау бойынша тұрақты тексерулер жалғасуда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл Павлодар облысының аумағында 468 бұзушылық анықталды. Бұл ретте ең көп бұзушылық дүкендерде, сауда үйлері мен базарларда – 195 факт, дәмханалар мен мейрамханаларда – 85 факт, ЖҚС және ТҚС – 16, сауналар мен моншаларда – 14 бұзушылық фактісі және т.б. анықталды.

Мониторингтік топ кезекті рейдтік іс-шараны өткізу кезінде қоғамдық тамақтану орындарында бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, М.Әуезов көшесінде орналасқан Екібастұз мейрамханаларының бірінде үйлену тойы өтті, онда 60 адам болған.
Мейрамхана иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес материал жиналды, шешім қабылдау үшін Екібастұз қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді, – деді Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов. 

Отбасымен басқа дәмханада ер адам өзінің туған күнін атап өтті. Үй-жайда барлығы 25 қонақ, сондай-ақ, мекеме қызметкерлері болды. Қоғамдық орын иесі жалпы қабылданған карантиндік нормаларды ескермегені үшін жауапқа тартылды.

Ал Ертіс ауылында аспаздың көмекшісі, жұмыс орнында санитарлық нормалардың сақталуына жауапты адамның қолғапсыз болғаны анықталды, енді олар жауапкершілікке тартылатын болады.

Өз кезегінде полицейлер азаматтарды өз денсаулығын сақтауға, сондай-ақ, карантин режимі жағдайында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты шектеулерді сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы