Карантин ЖІӨ үлесін төмендетті - Дәленов

12 Мамыр 2020, 09:48
1810
Бөлісу:
Карантин ЖІӨ үлесін төмендетті - Дәленов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантин кезінде жалпы ішкі өнім 0,2% төмендеген. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында тауарлар өндірісі 5,8% өсіп, көрсетілетін қызметтер 4% азайды. Осының нәтижесінде жалпы ішкі өнім 0,2% төмендеді. Қызмет көрсету саласындағы бұл төмендеу қабылданған карантиндік шектеулермен байланысты. Карантин жарияланған бір ғана сәуір айында өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда көрсетілетін қызметтер секторы 17,5%-ке төмендеп кетті. Атап айтқанда, сауда және көлік үштен бірге, әкімшілік қызмет көрсету – 22,5%-ға және жылжымайтын мүлік бойынша жасалатын операциялар – 9,9%-ға төмендеді, - - дейді Руслан Дәленов.
Оның айтуынша, бәрі карантиндік шаралармен байланысты болып отыр.
Жылдық инфляция 6,8% құрады. Өндіріс секторындағы өсу өңдеу өнеркәсібінің 7%, кен өндірудің - 6, құрылыстың 5,5 және ауыл шаруашылығының 2,2% ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Ал қызмет көрсету секторында көлік қызметтері 11%-ға, сауда – 8,9, әкімшілік қызметтерді көрсету – 4 және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда – 2,7%-ға төмендеді. Осы ретте байланыс қызметтері қаңтар-сәуірде 9,6%-ға артты. Сонымен бірге, қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 21 млрд долларды құрады. Экспорт 4,2% ұлғайып, 13,9 млрд долларға жетті. Ал импорт 7,1 млрд долларға дейін төмендеді. Сауда балансының оң сальдосы өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 9%-ға артты, - дейді министр.


Өзгелердің жаңалығы