Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері қала, аудан тұрғындарына карантиндік режимді қатаң сақтауды ескертті.
Қазіргі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның туындауына және таралуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері күн сайын тұрғындарды қатаң бақылауда. Осы іс-шара барысында Сайрам ауданының орталық көшелерінің бірінде орналасқан азық-түлік дүкеніне тұрғындардың медициналық маска кимей кіргендері анықталды. Сонымен қатар аудан аумақтарында да осындай жағдай қайталануда. Көше бойында жүрген тұрғындар арасынан карантин талаптарын сақтамаған тұрғындар кездеседі.
Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты енгізілген карантиндік режимді сақтауға сәйкес профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Құрылған мобильдік топтар азаматтар мен сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базар иелерінің, сондай-ақ, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин және өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуына тексеру жүргізуде. Мобильдік топтардың құрамында полиция қызметкерлері, жергілікті органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің өкілдері бар, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің тұрғындардың карантиндік шараларды сақтау бойынша профилактикалық жұмыстары жалғасуда. Сондықтан полицейлер коронавирустың таралу қаупіне байланысты карантин ережелерін бұзбауға шақырады.