Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында карантин басталғалы талапты бұзған 912 дерек тіркелді. Оның 543-і той жасау фактісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ОПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев мәлімдеді.
Бүгінде өңірде арнайы құрылған 24 мобильді топ жұмыс жасауда.
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерді өткізуге тыйым салынды, - деді ОПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев.
Айта кетейік, облыста соңғы 10 күнде 40-тан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.