Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Правлиева онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясына байланысты шаралар әлі де жүргізілу шарт екендігін айтты.
Өткен аптада елорда да байқалған коронавирустық инфекциясымен ауру деңгейі тұрақтанудың оң динамикасына қарамастан аурудың өсуі 5 пайыздан аспаған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақтау қажеттілігін айтқым келеді. Себебі карантин шараларын босаңсыту кез-келген уақытта аурудың өсуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты рұқсат етілген объектілерде санитарлық нормалар талаптарын тек субъектілердің өздері ғана емес, сонымен бірге келушілер де қатаң сақтаулары керек, - деді спикер.Сонымен қатар, қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ведомствоараалық комиссиясымен 2020 жылдың 20 мамырынан бастап, Нұр-Сұлтанда сауда ойын-сауық орталықтарының тек дүкендері, қоғамдық моншалардың, азық-түлік емес жабық базарлардың сауда- орталықтары мен сауда-үйлерінің жұмыстарын қайта бастау сұрақтары қарастырылғандығын атап өтті.
Бұл ретте көрсетілген санаттағы объектілердің жұмыс алгоритмдері өзгерілген. Онда жалпы санитарлық шешу талаптары басқа ерекше ретінде көрсетілген. Осы айтылған объектілерде күнделікті жұмыс кестесімен жұмыс жасауға рұқсат беріледі, - деді бас санитарлық дәрігер.
Сауда бутиктерінде сатып алушыларға арналған сақтық шараларын айта кетті.
Сауда бутиктері сатып алушылардың екі және бес адамнан аспауы тиіс. Сатып алушылар арасында екі метр ара қашықтық сақталуы шарт. Кезекте саудалық касса және киім өлшеу аймағында арнайы таңбалар болуы қажет. Монша және сауна үшін бассейнсіз жұмыс кестесі сағат 9.00-18.00-ге дейін алдын-ала жазылу арқылы жұмыс істейді. Күту залында адамдардың жиналуын болдырмау, персоналдың келушілермен тікелей байланысты азайтуы керек, - деді Жанна Правлиева.Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер Нұр-Сұлтандықтарды сақ болуға, бетперделеді киюге, топтасып жүрмеуге, адам көп шоғырланатын жерге бармауға, барлық сақтық шараларын қатаң сақтауға шықырды.