Карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз – Көлгінов

19 Мамыр 2020, 03:41
1508
Бөлісу:
Карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бас қаланы жаяу аралап, жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағалағанын айтты.

Бүгін қаламыздың қос жағалауын жаяу аралап, жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағаладым, – деп жазды қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ елорда әкімі төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимі әлі де жалғасып жатқанын айтты.
Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік, – деді қала әкімі.
Сонымен қатар Көлгінов әрбір тұрғынды қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын, – деді Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы