Карантин кезінде жазғы дәмханалар ашық болады

2 Шілде 2020, 13:26
1507
Бөлісу:
Карантин кезінде жазғы дәмханалар ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  5 шілдеде басталатын күшейтілген карантин кезінде даладағы жазғы дәмханаларға рұқсат берілді.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметі сақталады: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚО-лар, екінші деңгейлі банктер, - делінген хабарламада.

Комиссия шешімімен мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйым қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу режимін сақтауы тиіс. Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады. 

Айта кетейік, бүгін мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы