Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай Алматы қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында өткен онлайн сұхбат кезінде айтты.
Біз 2020 жылдың 4 сәуірінен бастап жұмыс істеп жатырмыз. Осы уақыт ішінде 300 онлайн-кеңес өткізілді. Негізінен оқшаулауда отырған ересектер хабарласқан. Бізде білікті психологтар, психотерапевтер, психиатрлардан құралған 61 маман жұмыс істейді. Алты бақылаушы қиын жағдайлармен жұмыс істейді. Сонымен қатар, Youtube арнасында 50-ге жуық білім беру бейнематериалын жарияладық, - деді ол.
Орталық директорының айтуынша, мамандар психологиялық мәселелерге байланысты 263 онлайн-кеңес өткізіп, психолог, психотерапевттерге 47 кеңес берді. Орталықтың ресурсына 30 мыңнан астам адам келген.
Негізінен бізге стресс, ашушаңдық, агрессия, қорқыныш, алкогольді шектес тыс көп пайдалану, депрессия, отбасылық-тұрмыстық проблемалар, құқықтық қолдау қажеттілігі және тағы басқалар сияқты мәселелер бойынша хабарласады. Біз көрсетілетін көмектің тиімділігін зерттедік. Нәтиже бар. Әрине, адамды тікелей көргеннен гөрі онлайн кеңес беру қиынырақ. Алайда, осы эпидемиологиялық жағдайда біз шешім табуға тырысамыз, - деді ол.
Айту кету керек, әлеуметтік-психологиялық оңалтудың жалпы контенті Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) және Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасымен әзірленді.