Карантин кезінде тергеу изоляторында 147 іс онлайн режимде өтті

16 Сәуір 2020, 11:15
1447
Бөлісу:
Карантин кезінде тергеу изоляторында 147 іс онлайн режимде өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелердің ерекше жағдайға енгізу бойынша, қамаудағыларға қатысты сот процестері онлайн режимінде өтуде, деп хабарлайды ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

OВ-156/1 мекемесі ерекше жағдайға ауыстырылды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ-156/1 мекемесінде тергеу амалымен қамауға алынған адамдар, күдіктілер, айыпталушылар және сотталғандар қамауда.

Қазіргі жағдайға байланысты, COVID-19 пандемиясының таралуы мен инфекциясының алдын алу мақсатында IT технологияларды (бейнеконференцияларды) қолдана отырып, қашықтан сот ісі жүргізіліп жатыр.

Мекеме әкімшілігімен Шығыс Қазақстан облыстық соты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Осы меморандум аясында Шығыс Қазақстан облыстық соты бейнеконференция арқылы сот процестерін өткізуге арналған екі компьютермен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта мекемеде 3 бейнеконференция бөлмесі орналасқан. Осы жұмыс COVID-19 пандемиясының таралуы мен инфекциясының алдын алуға бағытталып отыр.

Бүгінгі таңда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар бейнеконференция арқылы 147 сот ісін жүргізді. Олардың ішінде 21 тұлға босап шықты. Осы бағыттағы жұмыс ары қарай жалғасуда, - деді мекеме басшысы Қанат Жүсіпов.

 


Өзгелердің жаңалығы