Карантин: Елордада арнайы қадағалау бекеті қойылды

18 Наурыз 2020, 18:41
1432
Бөлісу:
Карантин: Елордада арнайы қадағалау бекеті қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантинге байланысты елордада барлық жерлер жабылып, 6 арнайы қадағалау бекеті қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты.

Мемлекет басшысы жарлығымен елімізде төтенше жағдай жарияланды. Мемлекеттік комиссияның шешімімен Нұр-Сұлтан қаласында 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап карантин енгізіледі. Полиция департементінің жеке құрамы ерекше режимге ауыстырылды. Коранавирус инфекциясының таралуының алдын-алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылданды. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірге  емделуден және карантин режимін сақтаудан қашып жүрген азаматтарды бақылауға алып, жауапқа тартамыз. Басты мақсат қала ішінде карантин режимін қатаң сақтау, қаланың сыртқы периметрі арқылы инфекцияны таратуды тоқтату, - деді Ержан Сәденов.

Ол Нұр-Сұлтан қаласына автокөлік құралдарының кіруіне және шығуына шектеу енгізілгенін және қалаға кіретін барлық жерлер жабылып, 6 арнайы қадағалау бекеті қойылғанын айтты. 

Оларда тәулік бойы қорғаныс министрлігінің әскерлерімен бірге полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бекеттер елорда маңындағы Жібек жолы, Қосшы, Талапкер, Қараөткел, Қоянды ауылдарының маңында орналасқан, - деді департамент басшысы.

Өзгелердің жаңалығы