Қарағандыдағы Достық үйінде Конституция күні аталып өтті

29 Тамыз 2019, 19:22
1816
Бөлісу:
Қарағандыдағы Достық үйінде Конституция күні аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

Концерттік залда этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар, спортшылар бас қосты. Қатысушылар еліміздің өркендеуінде, азаматтардың тұрақтылығы мен әл-ауқатын сақтаудағы негізгі Заңның басты рөлін атап өтті. Олар жерлестерін ең басты мемлекеттік мерекелердің бірі Конституциясы күнімен құттықтады.

"Біз еліміздің Негізгі Заңы - Конституциямыздың негізінде өмір сүріп, еңбек етеміз. Ең басты құндылық - біздің азаматтарымыз бен олардың еңбектері. Әрбір адамның Қазақстанның тәуелсіздігі мен дамуына қосқан үлесі зор рөл атқарады. Елбасы саясатының арқасында біздің республика халықаралық аренада ерекше орынға ие болды. Бізді бүкіл әлемде біледі және құрметтейді. Біздің Сарыарқаның аумағында 130-дан астам этностар тұрады. Бүгін маңызды мереке - Конституция күні қарсаңында біз Достық үйінің шаңырағына жиналып отырмыз", - деді Қазыбек би атындағы аудан әкімі Татьяна Шатохина.

Облыс әкімінің атынан ол жоғары білім беру қызметкерлеріне жастарды тәрбиелегені, өңірдің қоғамдық-саяси қызметіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.

"Конституция - бұл біз үшін өте маңызды және басты құжат. Туғаннан бастап біздің барлық құқықтарымыз Конституциямен қорғалған. Біз сапалы білім алып, жан-жақты дамып, өз болашағымызға сенімді боламыз", - деп атап өтті Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті Қаракөз Тілеуқабыл.

Спортшылар атынан баршаны Конституция күнімен әлем кубогының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Ахметбеков құттықтады. Ол халықаралық жарыстарда қазақстандық ту көтерілгенде қандай мақтаныш сезіміне бөленетіні туралы айтты. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері жастарды азаматтық белсенділікке шақырды.

Концертте халықаралық конкурстардың лауреаттары, жергілікті кәсіби ұжымдар өнер көрсетті. Финалда жас бишілер «Достық хороводы» ашық композициясымен сахнаға шықты.

Өзгелердің жаңалығы