Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖД хабарлауынша, 1 маусым сағат 19:57-де Қарағанды қаласы Гоголь көшесі 57 мекенжайындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды деген хабарлама түскен.
Бес қабатты тұрғын үйдің екі бөлмелі пәтерінде газ баллоны жарылған. Жарылыс өртке ұласпаған. Оқыс оқиға салдарынан үйдің негізгі конструкциясы зардап шекпеген. Тек бөлмеаралық қабырғалар ғана бұзылған. Оқиға орнында ер адамның мәйіті табылды. Оның тұлғасы анықталуда. ТЖД қызметкерлері подъезден 10 адамды эвакуациялады, - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, Қызылорда облысында да газ жарылып, төрт адам қайтыс болған еді.