Қарағандыда шертпе күй фестивалі өтті

5 Шілде 2019, 10:07
2808
Бөлісу:
Қарағандыда шертпе күй фестивалі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Достық үйінде Домбыра күнінің қарсаңында «Ұлы дала перзенті» атты шертпе күйдің бірінші фестивалі өтті. Ол танымал күйші және композитор Сембек Айдосұлының 155 жылдығына арналды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

Фестивальге Қазақстаннан 13 орындаушы қатысты. Оған «Жыр қағаны» ақындар байқауының жеңімпазы Айдын Байыс, күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбаев, өнертану докторы Ардаби Мәулетұлы, өнер қайраткері Болат Тәкішев, сондай-ақ дәстүрлі нақышта орындайтын әншілер Медет Осатаев пен Айгүл Бақторазқызы қатысты.

"Фестиваль мақсаты  – Сарыарқа күйлері мектебін кеңінен насихаттау және шертпе күй мектебін дамыту. Жастар арасында домбырада ойнауды танымал ету және ұмыт қалған және белгісіз күйлерді жарыққа шығару", - деді «Күй керуені» шертпе күй мектебінің басшысы Қайролла Сәдуақасов.

Фестивальге Сембек Айдосұлының ұрпақтары да келді. Олар осы іс-шараны өткізудің бастамашылары болды.

"Мен Сембек Айдосұлының шөпшегі боламын. Ол танымал адам болды, алайда өкінішке орай, оның көптеген туындылары бізге жетпеді. Сақталғандарын тыңдаушыларға жеткізуге және насихаттауға тырысамыз. Оның домбырасы Камель Жүнісовтың үйінде сақталған. Біз әкімшіліктің және Мәдениет басқармасының осындай фестивальді ұйымдастырып, бізді қолдағанына өте қуаныштымыз", - деді Сембек Айдосұлының шөпшегі Кайдар Сарин.

Композитор және күйші Сембек Айдосұлы – Қарағанды облысының Шет ауданының тумасы. Фестиваль Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасымен бірлесіп әкімшілікпен ұйымдастырылды. Іс-шара ұлттық Домбыра күніне орайластырылды.

Өзгелердің жаңалығы