Қарағандыда көктайғақтан 370 адам жарақат алды

25 Қараша 2021, 18:40
862
Бөлісу:
Қарағандыда көктайғақтан 370 адам жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда соңғы күндері тайып құлап, жарақат алғандар көбейді. Травматологиялық орталыққа тәулігіне 400-ге жуық адам қаралған, деп жазды Хабар24.

Қазір күндіз қар еріп, ал кешкілікте көк мұз қатып жатыр. Бұл жаяу жүргіншілерге де, көлік жүргізушілеріне де айтырлықтай қиындық тудырды.  Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істегенімен табиғаттың тосын мінезі жағдайды қиындатып тұр. Ал синоптиктер болса, бүгіннен бастап ауа райы күрт суып, аяз болады деген болжам айтты. 

Қазіргі біз байқаған тенденция – тұрғындар әсіресе кешкі сағат 19:00-ден бастап түнгі 12-лерге дейін ағылып келіп жатыр. Яғни жұмыстан, оқудан қайтқан уақыттар. Басым көбі осында қаралып, үйлеріне жіберіледі. Олардың көбі буындарын шығарып немесе сіңірлерін созып алып жатады. Сүйегін сындырып алып жатқандар да бар, - деді Х.Мақажанов атындағы облыстық травматологиялық орталықтың бөлім жетекшісі Ерік Шонбаев.

Өзгелердің жаңалығы