Қарағандыда халықаралық IT-форум басталды

24 Қыркүйек 2019, 17:01
1835
Бөлісу:
Қарағандыда халықаралық IT-форум басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда жыл сайын өтетін екінші IT-форум басталды. Оған 170-тен астам студенттер мен жас мамандар қатысуда. Олар үшін отандық және халықаралық IT-компаниялардың өкілдері, сондай-ақ қарағандылық жоғары оқу орындарының ұстаздары дәрістер мен семинарлар өткізеді, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.

Форум бағдарламасында үш күндік хакатон, IT-Бос орындар жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары және сандық технологиялар көрмесі қарастырылған. Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Қатысушылар үш күн ішінде қалалықтардың өмірі мен мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетуге көмектесетін мобильді қосымшаны немесе бағдарламаны әзірлеуі тиіс.
Биылғы жылы ұйымдастырушылар қатысушыларға бірнеше кейстік тапсырмалар дайындады. Олардың қатарында тұрғын үй кезегінде жылжу мониторингі үшін қосымшалар мен қаладағы электр энергиясын үнемдеу үшін бағдарламалар әзірлеу бар. Іс-шараның серіктесі «Авиата» компаниясы жеке кейстік міндетті ұсынды. Командалар бір тапсырманы таңдап, үш күн оның шешімімен жұмыс істей алады.

"Бұл форумның негізгі идеясы – дарынды түлектер мен колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің басын қосу. Қатысушыларды халықаралық компаниялардың мамандары оқытады. Олар жастардың ең өнімді кезінде онсыз да қымбат уақытты бекер жұмсамау керектігі туралы айтатын болады. Әлем қазіргі таңда өте мобильді. Қатысушылар осы жерде жұмыс істеу тиімді мен, әлде қашықтан жұмыс істеген пайдалы ма, кеңселерде отырып, уақытты бекер жұмсап алмаймыз ба деген сауалдар қояды. Біздің форумымызға тәжірибелілік енгізгіміз келеді. Осының барлығы қатысушылар үшін де, біз үшін де нәтиже беру үшін үнемі тәжірибе мен идеялармен алмасу қажет", - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.

Биылғы жылы форумға белгілі кәсіпкер және бағдарламашы Бағдат Мусин қатысты. Форум қорытындысы 27 қыркүйекте жасалады. Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Рустам Байжанов егер ақтық сайыста шынымен де жақсы және жұмысқа дайын жоба пайда болса, онда өңір билігі әзірлеушілермен келісімшарт жасауға дайын екенін жеткізді.
Форум жұмысының соңғы күні бірқатар пленарлық сессиялар өтеді. Онда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің өкілдері, Лозанн қаласындағы (Швейцария) Монтре қонақ үй университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті деканының орынбасары, сондай-ақ Epam Systems Халықаралық компаниясының өкілдері сөз сөйлейді.

Алғаш рет өткен жылы IT–форум Алматыда ұйымдастырылған болатын. Онда бірқатар жобалар ұсынылды, олардың бірі «Белсенді азамат» қосымшасын Қарағанды облысында ТКШ саласында барлық мемлекеттік органдар мен қызмет көрсетушілер белсенді пайдаланады. Қолданушылар фото қосымшасында ашық құдықтарды, толып кеткен қоқыс жәшіктерін, сынған балалар алаңдарын және т.б. жібере алады. Бағдарлама автоматты түрде геолокацияны анықтайды да, тиісті мемлекеттік органға немесе мекемеге өтініш береді. Қосымшаны әзірлеуші - жас маман Сабыр Ниязов. Қазір ол бес миллион теңге сомасына өзінің алғашқы келісімшартын жасауға дайындалуда. Рустам Байжанов хабарлағандай, бірінші форумның басқа да қатысушыларымен өңір билігі байланыс орнатып, жаңа идеяларды әзірлеуге көмектеседі.









Өзгелердің жаңалығы