Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды гарнизонының 22750 әскери бөлімінде барлау жауынгерлерін еске алуға арналған мемориал ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Мемориалдық тақтаға жеті батырдың есімі ойылып жазылған. Тізімде бірінші болып аты аңызға айналған қара майор Берік Керімбаев тұр. Сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан офицерлер туралы естелік орнатылды.
Біз мемлекет қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткен сжауынгерлерді еске аламыз. Олардың ерлігі негізінде жаңа ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Барлаушы болу оңай емес. Олар көрінбейтін майданның жауынгерлері, кез келген операциядағы сәттілік оларға байланысты, - деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мереке Күшікбаев.
Ескерткіштің ашылуына әскери қызметшілер мен ардагерлер қатысты.