Қарағанды өлкетану мұражайына археологиялық олжалар тапсырылды

25 Мамыр 2021, 22:00
4148
Бөлісу:
Қарағанды өлкетану мұражайына археологиялық олжалар тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қоры археологиялық олжалармен толықтырылды. Мұражайға барлығы 400-ден астам жәдігер тапсырылды, олардың басым бөлігі Ақкезен және Абылай елді мекендерінен. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Барлық жәдігерлер Талды археологиялық қорығынан алынған. Біздің олжаларымыз негізінен қола дәуіріне жатады. Олардың ішінде білезіктер, паста моншақтары, қола моншақтар, тұтас алқалар, мойынтұмарлар түріндегі әйелдер әшекейлері, сондай-ақ арнайы жапсырмалардың көмегімен жақ-бет алқасына біріктірілген қола жалдар және айылбастар бар. Әдетте мұндай мойынтұмарлар тоғыз дөңгелек қола айылбастардан тұрады, ортасында үлкенірегі орналастырылады, барлығы бірдей ою-өрнектермен безендірілген. Олардың барлығы мұражай қорына тапсырылды, болашақта оларды көрмелерден көруге болады, — дейді Сарыарқа археологиялық институтының жетекші ғылыми қызметкері Игорь Кукушкин.
2020 жылғы далалық маусымдағы олжалар мұражай қорына Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ тарих факультетінің археологтарының, Сарыарқа археологиялық институтының ғалымдары мен мамандары, «Археологиялық зерттеулер» ЖШС және т. б. қатысуымен өткен баспасөз конференциясында берілді. Мұндвй кездесулер жыл сайын өткізіледі. Онда археологтар атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.
Өзгелердің жаңалығы