Қарағанды облысының құтқарушылары өрт сөндіру біліктіліктерін арттырды

5 Маусым 2021, 12:48
1552
Бөлісу:
Қарағанды облысының құтқарушылары өрт сөндіру біліктіліктерін арттырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында табиғи өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өтті, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Алдын ала құрылған жоспар бойынша, туристер сөндірмей кеткен оттың салдарынан далаға өрт жайылып, жалын орман аумағына өткен.

Оқу-жаттығу барысында кәсіби құтқарушылар, ерікті жасақтар, табиғат қорғау қызметтері және басқа да ведомстволар өзара іс-қимылды пысықтады. 160-тан астам адам мен 24 техника жұмылдырылды.

Қарағанды облысының құтқарушылары өрт сөндіру біліктіліктерін арттырды

Шартты өрт 350 га аумаққа жайылды, жалынды орман өрттерін сөндіру станциясының қызметкерлері анықтады. Ғарыштық мониторинг арқылы оттың таралуы туралы растау келеді. Сонан соң өрт сөндірушілер түрлі учаскелерге бөлінеді.

Жаттығу қорытындысы бойынша жауынгерлік дайындық деңгейі талданды. Жалпы мамандардың жұмысына оң баға берілді.




Өзгелердің жаңалығы