Қарағанды облысында асфальт зауыты ашылды

23 Сәуір 2021, 22:16
1328
Бөлісу:
Қарағанды облысында асфальт зауыты ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жаңаарқа ауданына жұмыс сапарымен бардым, деп жазды Facebook-тегі парақшасында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша құрылысы аяқталуға жақын 500 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын тексердім. Күзге қарай мұнда 25 метрлік жүзу бассейнін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.    

Аудан орталығында асфальт өндіретін тағы бір зауыт өз жұмысын бастады. "Арқа Құрылыс 2009" кәсіпорны сағатына 80 тонна асфальт шығаруға дайын. Ауданда барлығы 2 асфальт зауыты бар. Олардың өнімі аудандағы жолдарды және "Нұрлы жер" шағын ауданындағы 9 көшені,сондай-ақ аудан орталығындағы 4 көшені жөндеу кезінде сұранысқа ие болады, - деді облыс әкімі.

Ол Ералиев ауылдық округінде фермерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. 

Ауылда ашылған күрес залы мен хоккей кортын аралап көрдім. Мұнда мемлекеттің қолдауымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. ЖҚЖК-2020 бойынша салынған отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға да бардым. Кешеден бастап ауылда вакцинация басталды. Қазірдің өзінде  30 адам екпе алды.

Ауылдағы көшелерді жөндеуге қосымша қаражат бөлеміз. Тұрғындардың өтініші бойынша Мәдениет үйін қосымша қажетті техникамен қамтамасыз етіп, кітапхана қорын Қазақстанның заманауи авторларының кітаптарымен толықтырамыз.  

Қаражалға баратын республикалық жол учаскесіндегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, республикалық "Жезқазған-Қызылорда"жолының учаскесі бойынша жүріп өттім. Асфальт жабынының сапасы өте төмен. Біз Үкіметке осы маңызы жоғары жолды жобалау жұмыстарын тездету туралы өтінішпен шығатын боламыз, - деп жазды Қасымбек.

Аудан орталығында жаңа «Жаңа Нұр» шағын ауданы бой көтеруде, онда бастапқы тұрғын үй сатып алу мемлекеттік бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасылар үшін үйлер салынуда. 

Сондай-ақ орталық аурухана ауданында 8 пәтерлі несиелік үйдің құрылысы аяқталуда. Қазіргі уақытта біз бір 18 пәтерлі және үш 36 пәтерлі үйдің құрылысына кірісуге дайынбыз. Олардың екеуі жалға берілетін болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы