Қарағанды облысының әкімі өңірде салынып жатқан спорт нысандары туралы айтты

28 Тамыз 2021, 20:50
1705
Бөлісу:
Қарағанды облысының әкімі өңірде салынып жатқан спорт нысандары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ел президентінің тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты дамыту басты назарға алынды. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Биыл аймақта 6 спорт нысаны, 8 корт, 44 спорт және 25 воркаут алаңдары салынуда: Шахтинскте 160 орындық бассейні бар ДСК; Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде 320 орындық ДСК салынуда; Ұлытау ауданының Қарсақпай және Жезді кенттерінде екі ДСК салынып жатыр; Жаңаарқа ауданының Атасу және Нұра ауданының Нұра кентінде жабық жүзу бассейндері пайда болады - деді әкім.

Сонымен қатар ол облыстағы өзге де аудандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан спорттық нысандар туралы айтты.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында 100 орындық ДСК, Нұра ауданының Шахтерский кентінде хоккей корты салынуда, сондай-ақ Осакаров ауданы Молодежный кентінің балалар спорт мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде - деп жазды Жеңіс Қасымбек өз парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы