Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
3 наурыз күні сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшам ауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізінде белгісіз біреу көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Баланың денсаулығы жақсы, ол ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.