Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саран қаласында «Олимпиада үміті - 2019» XXXII Республикалық веложарысы басталды. Оған Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 13-14 жастағы 130 жасөспірім қатысуда, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
Салтанатты ашылу Саран қаласының бас алаңында өтті. Жарысқа қала әкімі Ержан Темірханов, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов және жарыстың бас төрешісі Юрий Калинченко қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.«Олимпиада үміті» жарысы - Қазақстандағы 13-14 жастағы спортшылар үшін басты дода болып табылады. Жыл сайын ол Саран қаласында өтеді және жас велошабандоздар арасында үлкен танымалдылыққа ие.
"Мен 32 жыл бойы осы веложарыста бас төреші болып келемін. Бұл сайыс өте танымал, себебі біріншіден, еліміздің орталығында өтеді, мұнда қай облыстан болсын келіп жету ыңғайлы. Екіншіден, мұнда қатысушылар үшін жақсы жолдар бар. Үшіншіден, бұл жасөспірімдер үшін осындай ауқымдағы бірнеше веложарыстардың бірі. Бұл жас спортшылар үшін жүзден астам қарсыласың болған кезде жарысқа барудың не екенін сезінудің алғашқы мүмкіндігі. Көпкүндік веложарыстың не екенін, өзін қалай ұстау керектігін, қандай тактиканы таңдау керек екенін түсіну керек", - дейді жарыстың бас төрешісі Юрий Калинченко.
Жарыс алты күнге созылады. Қатысушылар 4, 15 және 40 шақырымға топтық және жеке сапқа тұруы тиіс. Сайыстардың барлығы қаланың сыртында өтеді. Соңғы күні «Критериум» жарысы өтеді. Әр топта төрт жеңімпаз анықталады. Финалда ең көп ұпай жинаған қатысушы бірінші орынды алады.
Жарыс кезінде сайысқа келген барлық спортшылар Саран қаласында орналастырылды.
"Бізді жақсы қарсы алды. Мен барлығы 19 спортшымен келдім. Олар үшін бұл осындай ауқымдағы алғашқы жарыс, оларға қатысу өте қызықты", - деді Нұр-Сұлтан қаласы құрамаының бапкері Михаил Кочетков.
Әр жылдары «Олимпиада үміті» веложарысына Александр Винокуров, Алексей Луценко, Андрей Мизуров, Андрей Кивилев және басқалар қатысты.