Қарағанды облысында бекіре өсіріліп жатыр

22 Қазан 2020, 21:01
1935
Бөлісу:
Қарағанды облысында бекіре өсіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек облыстағы шағын кеме жасау верфінде және "Қарағанды-Осетр" балық фермасында болды. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

2013 жылдан бастап Федоровка су қоймасында Қазақстан мен Ресейдің құтқарушылары және қорықтар мен су патрульдері үшін жылына 60-қа жуық шағын қайықтар шығарылады. Сапар барысында кәсіпкерлермен сөйлестім. Қазір кәсіпорында 15 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта шығарылатын өнімнің түрлерін көбейту жоспарланып отыр. Бекіре фермасы Бұқар Жырау ауданында орналасқан. Аталған кәсіпорын қара уылдырықты өндіру мен өңдеуге маманданған. Мұнда жылына 2,5 тоннадан 5 тоннаға дейін өнім шығарылады - деп жазды әкім.

Жалпы алғанда, облыс аумағында жергілікті маңызы бар 127 және республикалық маңызы бар үш балық шаруашылығы бар.

Биылғы жылы біз осы салада шығарылатын өнімдердің сапасын арттыру үшін инвестсубсидияларды ұлғайттық. Бұл компанияларға жаңа жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік береді - деді Жеңіс Қасымбек.
Өзгелердің жаңалығы