Қарағанды автожолдарына тағы 100 бейнебақылау камералары қойылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 тамыздан бастап Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Саран және Сәтбаев автомобиль жолдарында қосымша 100 құқық бұзушылықтарды тіркеу камералары жұмыс істей бастайды. Олар ЖҚЕ талаптарының сақталуын автоматты режимде бақылайтын болады.</h4>

 4 Тамыз 2021 2021, 06:46
4 Тамыз 2021 2021, 06:46
2398

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 тамыздан бастап Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Саран және Сәтбаев автомобиль жолдарында қосымша 100 құқық бұзушылықтарды тіркеу камералары жұмыс істей бастайды. Олар ЖҚЕ талаптарының сақталуын автоматты режимде бақылайтын болады.

Бейнебақылау камералары «Қауіпсіз қала» жобасы аясында орнатылды. Жобаның мақсаты – облыс тұрғындары үшін қауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санын барынша азайту.

Жоба аясында 100 аппараттық-бағдарламалық кешен орналастырылды. Олардың жиырмасы жол қиылыстарында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейді. Камералар тоқтау сызығының қиылысуы және бағдаршамның қызыл сигналына өту сияқты бұзушылықтарды анықтайды. Ал 80 камера АӨК жылдамдық режимінің бұзылуын анықтайды.
Наверх