Қар құрсауынан 16 адам құтқарылды

<p> </p> <h4 align="center">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 18 желтоқсанда сағат 22.00-де Павлодар облысының Ақтоғай ауданында Ақжол ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында 6 жеңіл автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті.<br> </h4> <br>

 19 Желтоқсан 2020 2020, 21:21
19 Желтоқсан 2020 2020, 21:21
2234

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 18 желтоқсанда сағат 22.00-де Павлодар облысының Ақтоғай ауданында Ақжол ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында 6 жеңіл автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Бұл 15-өрт сөндіру бөлімінен 67 шақырым жерде болатын. Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖ орнына 8 құтқарушы 2 бірлік техникамен жедел жетіп, 16 адамды құтқарды. Азаматтардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ - делінген хабарламада.

Павлодар облысының ТЖД азаматтарға дауылды ескерту жарияланған жағдайда елді мекендерден шықпауға кеңес береді.

Наверх