Қапшағайда «Абай мешіті» ашылды

15 Қараша 2020, 20:00
1388
Бөлісу:
Қапшағайда «Абай мешіті» ашылды

Алматы, BAQ.KZ.  Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы аясында "30 игі іс" жобасы бойынша Қапшағай қаласында Абай атындағы мешіт ашылды, - деп жазды ол facebooк-тегі парақшасына. 
Сонымен қатар ол бұған дейін Семейде «Әлихан Бөкейхан мешіті» ашылып, ел игілігіне берілгеін жеткізді. 
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы игі бастаманы жалғастыруға пәрмен берді. Қазақтың қай тұлғасының есімін мешітке беруді лайық деп ойлайсыздар?, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы