Алматы, BAQ.KZ. Балық аулаға шыққан екі жігітті Қаршағай СЭС-нің құрылыс аумағына қарай ағызып әкеткен.
Алматы облысы ТЖД-нің мәліметінше, 19 қыркүйекте сағат 14-50 шамасында Қапшағай су қоймасына балық аулауға резеңке қайықпен аттанған 2001 және 2002 жылы туған екі азаматты су ағыны Қапшағай СЭС құрылысы жағына алып кеткен.
Шақырту орнына ТЖ Департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықпен жіберілді. Оқиға орнына келген бойда, қайық Қапшағай СЭС бөгетіне қатты ағыспен келіп, ол жерден балалар өз бетінше шыға алмағаны анықталды. Олар бөгеттің құрылысына көтеріліп, көмек күткен, - делінген хабарламада.Екі азаматты құтқарушылар жағаға жеткізіп, оларға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілген.
Алматы облысының ТЖД судағы қауіпсіздік шаралары мен жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды сұрайды.