Қапшағай-Бақанас жолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қайтыс болды

<h4> Алматы, BAQ.KZ. қайғылы оқиға 24 наурыз күні Қапшағай-Бақанас жолының 51-ші шақырымында болған. Бұл туралы Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.<br> </h4>

 25 Наурыз 2021 2021, 12:06
25 Наурыз 2021 2021, 12:06
1720

Алматы, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға 24 наурыз күні Қапшағай-Бақанас жолының 51-шақырымында болған. Бұл туралы Алматы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Болжам бойынша, Toyota Land Crusier көлігінің 58 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен және Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан Toyota Land Crusier жүргізушісі мен Toyota Mark 2 көлігіндегі үш жолаушы қайтыс болды. Ал Toyota Mark 2 көлігінің жүргізушісі мен Land Crusier-де болған 2 жолаушы Қапшағай ауруханасына жеткізілген.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағы бойынша тіркелді (жол қозғалысы ережесін бұзу, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкелу). Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қаза тапқан жандардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.

Наверх