Қант бағасын қымбаттатпауға қатысты шаралар қабылданды

12 Тамыз 2021, 12:32
10105
Бөлісу:
Қант бағасын қымбаттатпауға қатысты шаралар қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова министрліктің алқа отырысы барысында хабарлады. 

Ведомство басшысы қант бағасының не себепті қымбаттағанын және оны реттеу үшін қандай шаралар атқарылып жатқандығын алға тартты.

Оның айтуынша, өткен жылдан бері қант бағасының қымбаттауына егін шығымдылығының төмендігі әсер еткен.

Былтырдан бері қанттың біршама қымбаттауы байқалып отыр. Бұған 2020 жылы қант қызылшасының шығымдылығының төмендігі мен қант құрағының бағасының қатты өсуі себеп болды. Осыған байланысты 15 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында 134,4 мың тонна көлемінде қант құрағы мен дайын қантты жеңілдікпен тасымалдауға квота бекіту туралы шешім қабылданды, - деді вице-министр Жанель Кушукова.

Мұндай шешім қант бағасының шектен тыс өсуін болдырмай, қант өндіретін компаниялардың жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл Қазақстанда сыртқы сауда айналымының артқандығы туралы жазған болатынбыз. Қазақстанның барлық сауда әріптестермен тауар көлемі барынша артқан. Әлем экономикасындағы жағымсыз үрдіске қарамастан биылғы бірінші жартыжылдық еліміздің сыртқы саудасына оң серпін әкелген көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы