Қанша тірі бала тудыңыз? Айдапкелов санақтағы сұрақтың «тағдырына» қатысты пікір айтты

15 Қыркүйек 2021, 16:55
3859
Бөлісу:
Қанша тірі бала тудыңыз? Айдапкелов санақтағы сұрақтың «тағдырына» қатысты пікір айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.

Санақ процесі басталғаннан бастап қоғамда санақ парақтарындағы кейбір сұрақты қызу талқылау басталды. Олардың кейбіреулеріне тоқталмас бұрын, биылғы санақ парақтарын құрудың негізі 2009 жылғы санақ сауалнамалары болғанын атап өтемін. Бұдан басқа мемлекеттік органдар мен 2020 жылғы халық және тұрғын үй қоры санақтарын өткізу бойынша статистика саласында мамандандырылған халықаралық ұйымдардың ұсыныстары ескерілді. Санақ парақшалары арнайы тестілеуден өтіп, пилоттық санақ кезінде сынақтан өткізіліп, пысықталды, - деді ол.
Ол атағандай, кейіннен мемлекеттік органдармен келісу барысында христиан діні бөлігінде діни сенім жөніндегі сұраққа оның басым бағыттарын ашу үшін жауап нұсқалары кеңейтілді, байланыс қызметтерін ұсыну бөлігінде санақ сұрақтары кеңейтілді, сондай-ақ тарату типтеріне бөлумен телевидение бойынша сұрақ қосылды.
Санақ парақтары бекітілгеннен кейін ағымдағы жылдың шілде айында сұрақтар саны 91-ді құрады. Санақ парақтары барлық мүдделі мемлекеттік органмен келісілді. Қолданыстағы қағидалар бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. Сонымен қатар олар sanaq.gov.kz.мамандандырылған сайтына орналастырылды. Сұрақтардың саны көп болып көрінеді. Бірақ мен осы бағытта басқа елдерден мысалдар келтіруді орынды деп санаймын. Мысалы, Болгарияда респонденттерге 95, Польшада – 88 сұрақ қойылады, - деді Айдапкелов.
Ол азаматтар барлық сұраққа жауап бермейтінін атап өтті.

Санақ жүйесіне кіруді жандандырғаннан кейін тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жынысы, жасы, туған күні бойынша деректер базадан автоматты түрде түсіріледі. Шетелдіктер үшін сұрақнама Қазақстан азаматтарына қатысты емес. Отбасы құрамы мен тұрғын үй жағдайлары жөніндегі сұрақтарға тек қана отбасы басшысы бір рет жауап береді, отбасының қалған мүшелері тек жеке сұрақтарға жауап береді. Тек әйелдерге қатысты арнайы сұрақтар бар. Жұмыссыздық туралы сұрақтар жұмыспен қамтылған немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға қойылмайды. Сыртқы көші-қон бойынша сұрақтар шетелде бір жылдан астам өмір сүрген адамдарға қойылады. Жұмыспен қамту бойынша сұрақтар 14 жастан асқан адамдарға, неке жағдайы бойынша 15 жастан асқан адамдарға қойылады, - деді ол.
Айдапкелов атағандай, тірі туған балалардың саны туралы сұрақ туу туралы маңызды деректерді қамтамасыз етеді. Оларды кез келген басқа дереккөзден, оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеудің толық дамыған жүйесінен алу мүмкін емес.
Оларға жауаптар туу туралы неғұрлым толық ақпаратты береді, ал санақ сәтіндегі тірі балалар туралы сұрақтармен бірге нәрестелер мен балалар өлімі туралы маңызды ақпарат береді. 15 жас және одан жоғары жастағы әйелдерге сауал салынады. Халықаралық стандарттарға сәйкес, әйел 15 жастан бастап репродуктивті жасқа енеді. Тірі туылған балалардың жалпы саны туралы ақпарат бала тууды есептеу және ересек жастағы когорттар үшін сарқылған туу деңгейін бағалау үшін қолданылады. Әйелдерде тірі туылған балалардың саны және олардың қаншасы тірі екендігі туралы сұрақтар 1999, 2009 жылғы халық санақтарында қойылды, - деді ол.
Айта кетейік, Айдапкелов санаққа енгізілген деректерде қандай қателіктер кеткенін айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы