Қанша адам тұмауға қарсы екпе алды?

23 Қараша 2021, 10:07
1027
Бөлісу:
Қанша адам тұмауға қарсы екпе алды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Сондай-ақ ведомство басшысы тұмауға қарсы екпе салдыру аяқталуға жақын екенін айтты.

Жақында тұмауға қарсы вакцинация аяқталады, 2 млн 500 мыңнан астам адам немесе тиісті халықтың 99,3%-ы екпе алды. Бұл жалпы халық санының 13%-ын қамтыды және ДДСҰ талап ететін 10%-дан кем емес деңгейге жетті, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар еліміз бойынша коронавирус инфекцисы мен ЖРВИ аурушаңдығын бақылау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алексей Цой 26 мыңнан астам бала коронавирусқа қарсы екпе алғаны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы