Канн кинофестивалі шілде айында өтетін болды

30 Қаңтар 2021, 05:31
1357
Бөлісу:
Канн кинофестивалі шілде айында өтетін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 11-22 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланған 74-ші Канн кинофестивалі шілде айына ауыстырылды. Бұл туралы кинофестивальдің Twitter желісінде хабарланды.

Кезекті кинофестиваль 6-17 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған.

73-ші Канн кинофестивалі пандемияға байланысты кейінге шегерілген еді. Содан кейін ол 27 қазанда 3 күндік қысқартылған бағдарлама бойынша өткізілді. Оның бағдарламасына енген фильмдер 2020 жылдың күзінде Торонто, Довиль, Ангулем, Сан-Себастьян, Нью-Йорк, Пусан және Лионда өткен кинофестивальдарда көрсетілді.

Фестиваль директоры Терри Фремо биылғы фестиваль онлайн режимінде өтпейтінін айтты.

Айта кетейік, Канн кинофестивалі дәстүрлі түрде жыл сайын мамыр айының соңында Канндағы Фестивальдер мен Конгресстер сарайында өткізіледі. 1946 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестиваль бұған дейін 1948 және 1950 жылдары қаражаттың жетіспеуіне байланысты және 1968 жылы Францияны жаппай тәртіпсіздік жайлауына байланысты тоқтатылған.


Өзгелердің жаңалығы